26 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина АҚШ-пен ресурстар жөніндегі жаңа жобаға қол қоймайды

28 Наурыз 2025 23:40
- Дәулет, Жаңалықтар
Украина АҚШ-пен ресурстар жөніндегі жаңа жобаға қол қоймайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 28 наурыз. Украина АҚШ ұсынған пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру туралы жаңа келісім жобасына қол қоюға асықпайды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина АҚШ ұсынған пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру туралы жаңа келісім жобасына қол қоймайды, бірақ шарттарды өзгерту бойынша келіссөздерді жалғастырады. Өйткені Уашингтон ұсынған жоба, Киевтің пікірінше, елдің егемендік мүдделеріне қайшы келеді және экономикалық тұрғыдан мүлде тиімсіз әрі әділетсіз деп санауға болатын шарттарды қамтиды.

Financial Times газетінің хабарлауынша, Украинаның жоғары лауазымды үш шенеунігі Уашингтонның бұрын келісілген келісімнен әлдеқайда қатқыл да залалды құжат ұсынғанын айтты. Атап айтқанда, Уашингтон эксклюзивті инвестициялық құқықтарды алуды, негізгі инфрақұрылымдық нысандарды бақылауды және Украинаның табиғи ресурстарына, соның ішінде мұнай мен газға басымдықты қол жеткізуді талап еткен. Бұған жауап ретінде Киев құжатты егжей-тегжейлі зерттеп, келісімнің балама нұсқасын әзірлеу үшін заңгер мамандарды тартатынын мәлімдеді.

Bloomberg хабарлағандай, Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың бақылауында инвестициялық қор құруды да ұсынған, оған Украина жаңа инфрақұрылымдық жобалардан түсетін кірістің жартысын бағыттауы керек екен. Оның үстіне, 2022 жылдан бері берілген барлық әскери және экономикалық көмек АҚШ-тың осы қорға қосқан үлесі ретінде есептелетін болады.

Украина билігі бұл шарттарды өздері үшін қолайсыз деп тапты. Келісімге қазіргі күйінде қол қоюдың саяси және экономикалық салдары болады және Украинаның ЕО мүшелігіне қатысты келіссөздерді қиындатады.

Сонымен бірге, Киев Уашингтонмен қарым-қатынастың нашарлауына жол бермеу үшін келісімнен тікелей бас тарта алмайды, сондықтан Украина шарттарды қайта қарауға үміттеніп, келіссөздерді жалғастырады.

Таңбалар: Америкакелісімқазба байлықтарУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist