Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

АҚШ соты Трамп пен оның шенеуніктері үстінен іс қозғады

УАШИНГТОН. 28 наурыз. АҚШ соты Трамп, Вэнс және басқа жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты Signal chat ісі бойынша сот процесін бастады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Уашингтон судьясы президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің шенеуніктеріне қатысты қылмыстық істі бастай отырып, олардың Signal chat-ында жариялаған хабарлама-диалогтарын жойып жібермеуді қатаң тапсырды.

Кеше, 27 наурызда федералды судья Джеймс Бусберг АҚШ әкімшілігіндегі Уолц, Хегсет, Габбард, Рубио, Вэнс және Трамп секілді тұлғаларға Signal чатындағы барлық хабарламаларын сақтауды бұйырды.

Осы аптаның басында біреу осы құпия чатта болуға тиісті емес журналисті байқамай кіргізіп жіберіп, мұндағы жазбалардың бәрінің жалғанның жарығына тарап кетуіне жол беріп қойған еді.

The New York Times газетінің баяндауынша, осыдан кейін чаттың айналасында үлкен жанжал туып кеткен.

Бұйрық 2025 жылдың 11 наурызы мен 15 наурызы аралығындағы барлық чат хат-хабарларын қамтиды. Дәл осы кезеңде Ақ үй әкімшілігі Йемендегі хуситтерге соққы беру мәселесін белсенді түрде талқылаған екен.

Дегенмен судья Signal-дағы жанжалға байланысты АҚШ заңының бұзылған-бұзылғанын әзірге ашып айта алмайды.

АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымы Трамптың бес жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы федералды сотқа шағым түсірген. Талап-арызда кейбір шешімдерді қабылдау туралы құжаттаманы сақтау туралы заңның бұзылғаны атап көрсетілген.

АҚШ-тың Әділет министрлігі «ақпараттың тарап кетуінен» шыққан даудың дұрыс шешілуі үшін чаттағы хат алмасулардың көрсетілген мерзімдегі нұсқалары толық сақталуы бағытында жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button