Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Трамп «Азаттық радиосы» агенттігін жою туралы бұйрыққа қол қойды

УАШИНГТОН. 15 наурыз. АҚШ президенті Дональд Трамп 7 тәуелсіз агенттікті жоюға шешім қабылдады, ішінде «Азаттық радиосы» да бар. Бұл турады DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті 7 федералды агенттіктің штат санын «минимумға дейін қысқартуға» бұйрық берді. Олардың қатарына «Америка дауысы» және «Азаттық» радиосы» сияқты БАҚ-тарды қаржыландыратын Құрама Штаттардың жаһан медиа агенттігі де ілінді.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні, 14 наурызда АҚШ үкіметіндегі 7 тәуелсіз федералды агенттікті жоюды жүзеге асыратын жарлыққа қол қойды.

New York Times газетінің хабарлауынша, Трамп бұл бұйрық арқылы үкімет штатын қысқарту жөніндегі кең ауқымды науқанының аясында жүріп жатқан өзінің президенттік өкілеттігінің «шекарасы қаншалықты кең екенін тексеріп көріп» жатқан сияқты. Ол агенттіктер басшыларына «лауазымды міндеттер атқаратындар мен соған сәйкес персоналды шегіне жеткенше қысқартуды» тапсырды», – деп жазады NYT.

Президент жарлығында «Америка дауысы», «Азат Еуропа/Азаттық» және «Азат Азия» сияқты бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыратын жаһандық БАҚ жөніндегі тәуелсіз агенттігі ерекше атап өтілген. Агенттіктің негізгі миссиясы, оның веб-сайтында айтылғандай, «бостандық пен демократияны қолдау үшін дүние жүзіндегі адамдарды ақпараттандыру, тарту және біріктіру» болып табылады.

Трамп жарлығының мақсатына айналған басқа салалар арасында үйсіздердің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кеңес (USICH), аз сандылар бизнесін дамыту жөніндегі агенттік (MBDA), елдің музейлері мен кітапханаларын федералды қаржыландырудың басты көзі болып отырған музей және кітапханалар қызметі институты (IMLS) бар.

Дәл сол күні, яғни 14 наурызда Дональд Трамп өзіне сын көзімен қарайтын бұқаралық ақпарат құралдарын да «түйреп» тастады. АҚШ Әділет министрлігінде сөйлеген сөзінде ол CNN және MSNBC телеарналарында өзін қаралайтын хабарлар санының 97,6% екенін сынға алды.

«Бұған нүкте қою қажет, бұл заңсыз нәрсе саналатын болуы қажет» деп, әлемдегі ең демократиялы елдің президентінің сөзінен дәйектеме келтірді  AFP агенттігі.

АҚШ президенті сондай-ақ өзін сынайтын бұқаралық ақпарат құралдарын «Демократиялық партияның саяси құралы» деп айыптап, олардың жемқорлыққа батқанын атап өтті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button