Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

АҚШ Украинадан РФ-ны «басқыншы» деп танымауды талап етіп отыр

УАШИНГТОН. 22 ақпан. АҚШ әкімшілігі Украинадан БҰҰ-дағы РФ-ның басқыншылығын айыптаған қарарды кері қайтарып алуды талап етті. Бұл туралы УНИАН ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Дональд Трамп әкімшілігінің Киевтен Ресей агрессиясын айыптаушы қарарды қайтарып алуды талап етуі украин билігін дүр сілкіндірді. Украина президенті Володимир Зеленьский бірден бұдан бас тартты.

Wahington post газеті жазғандай, Америка билігі Украинадан Ресейдің басып кіруін айыптаған БҰҰ қарарын кері қайтарып алуды талап еткен. Атап айтқанда, Дональд Трамп әкімшілігі БҰҰ-да құжаттың Уашингтон дайындаған «жұмсартылған» нұсқасына дауыс берілгенін қалайды. Бірақ Киев бұл талапты қабылдамады.

Басылымның жазуынша, АҚШ билігі әуелі Украина қарарындағы ресейлік агрессияны айыптайтын тұжырым «жұмсақ» болу үшін Украинаға қысым көрсетуге тырысқан, бұл украин тарапының жағасын ұстатқан. Украина президенті Володимир Зеленьский елдің Сыртқы істер министрлігіне құжатты қайтарып алмауды тапсырды.

«Олардың (Трамптың командасы – ред.) ресейліктерге емес, Украинаға қысым көрсетіп жатқаны таң қалдырады», – деді басылымға украиналық мәнбе.

Осы кезде Bloomberg Трамп әкімшілігі одақтастарды «бейбітшілікке апаратын жолды белгіленген» америкалық қарарды қолдауға шақырып отырғанын жазады. Бірақ Америка жобасында БҰҰ-ның мұның алдында Уашингтонның өзі қолдаған қарарында қамтылған Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығы қағидаттарына сілтеме жасалмайды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Америка тарапының БҰҰ Бас Ассамблеясына қарардың жаңа жобасын ұсынғанын және барлық мүше мемлекеттерді «бейбітшілікке қарай жол ашу үшін» оған қолдау көрсетуге шақырғанын мәлімдеді.

Материалда одақтастардың АҚШ-тың «табандылығына» және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тікелей айыптаудан бас тартуына таң қалыып отырғаны айтылады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button