Құлыбаев мемлекетке $1 млрд төлеу жөнінде келіссөз жүргізуде

АСТАНА. 7 ақпан. Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев мемлекетке 1 млрд доллар көлемінде төлем төлеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Forbes ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Bloomberg жазуынша, аталмыш шара Тимур Құлыбаевтың бірінші президенттің тұсында жинап алған байлығына қатысты үкіметтік тексерудің аясында өтуде. Өзінің жағдайға қанық мәнбелеріне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі бұл туралы 5 ақпан күні жазған еді.
«Егер келісімге қол жетсе, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев мемлекетке қайтаратын төлемінің бір бөлігін ақшалай, тағы бір бөлігін инфестиция түрінде төлейді», – деп атап өтті агенттік.
Bloomberg мәнбелері сонымен қатар, төлем төлеу оның кінәсі бар дегенді білдірмейді дегенді де қадап айтыпты.
Ақпарат агенттігі «Құлыбаевтың өкілі, іс мемлекеттік деңгейде жүріп жатқандықтан, бұл мәселеге тікелей түсіндірме беруден бас тартқан, бірақ «кез келген жарна пұлды активтерді қайтару деп түсіну – түбегейлі дұрыс емес», – деген дәйектеме келтірді. Оның айтуынша, осы жылдардың бәрінде Құлыбаев елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзінің айтарлықтай зор үлесін қосқан және «үкіметпен осы бағытта өзара бірлескен әрекет жасауды жалғастырып келеді».
Forbes Kazakhstan 2024 жылдың қорытындысынла Тимур Құлыбаев елдің ең бай бизнесшілерінің рейтингісінде 2-орынға шықты. Оның байлығы қазір $5 млрд болып бағаланып отыр. Forbes-тың кең ауқымды миллиардерлерінің рейтингісінде бірінші президенттің күйеу баласы 612-орында тұр.
Тимур өзінің жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ арқылы «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына бақылау жасайды. Ерлі-зайыптылар сондай-ақ «Алмэкс Плюс» және «Алмэкс Проэкт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне паритеттік негінде еге болып отыр.
Тимур Құлыбаев – «Joint Resources» АҚ-ның егесі, оның құрамына «Каспий мұнай» АҚ 100 пайыздық, «Кристалл Менеджмент» АҚ 51 пайыздық, «Premier Development Company» ЖШС 50 пайыздық үлеспен кіреді. Құлыбаевтар бизнес-құрылымдарына, бұдан басқа, «Mercury Properties» ЖШС кіреді. Серіктестік еншісінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Дубай қалаларындағы жалпы ауданы 1 млн шаршы метрді құрайтын коммерциялық жылжымайтын мүліктер бар, ол бұларды жалға беріп тұрады.