«Достас» елдер Ресейге инвестиция салудан бас тартты

МӘСКЕУ. 7 ақпан. Кремльдің «достас» елдер Ресей үшін батыс инвесторларын алмастырады деген үміті ақталмады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей Федерациясы Орталық банкінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, елге келетін шетелдік инвестициялардың көлемі тез қысқаруы жалғасуда және 2024 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша соңғы 15 жылда минимумға дейін төмендеді.
Реттеушінің мәліметінше, өткен жылдың алғашқы үш тоқсанында шетелдік инвесторлар экономиканың нақты секторынан тағы 44 миллиард долларлық тікелей инвестицияны қайтарып алып, олардың жалпы көлемі 235 миллиард долларға дейін түсіп кеткен.
2023 жылы Ресей 80 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициядан айырылды, ал соғыстың бірінші жылында 138 миллиард долларды жоғалтқан, жиынтығында Украинаға басып кіргенге дейін шамамен 500 миллиард болып тұрған тікелей инвестция екі есеге азайып, 262 миллиард долларға құлдырады.
Ресей президенті Владимир Путин БРИКС елдерінің инвесторлары үшін «максималды ашықтық» жариялап, оларды Ресейге «капитал» салуға шақырғанымен, Орталық банктің статистикасы ақша ағынын тіркеген жоқ. Бұл Ресей экономикасының оқшаулануының күшеюін көрсетеді, деп атап өтті Германияның халықаралық қауіпсіздікті зерттеу институтының ғылыми қызметкері Янис Клюге.
Ресей президенті Владимир Путин БРИКС елдері инвесторларына «барынша ашық» екендерін мәлімдеп, оларды Ресейге «капитал» әкелуге шақырғанына қарамастан, Орталық банктің статистикасы келіп құйылып жатқан ақша тасқынын тіркей алған жоқ. «Мұның өзі Ресей экономикасының оқшаулануы артып келе жатқанын айғақтайды», – деп атап өтті Германия халықаралық қауіпсіздік мәселелері институтының ғылыми қызметкері Янис Клюге.
Мысалға Путин қарым-қатынасын «стратегиялық» деп атап жүрген Ресейдің аса ірі сауда әріптесі – Қытай билігі өзінің жергілікті компанияларына Ресейдің мұнай-газ секторына қаржы құюға тыйым салды, «Сила Сибири-2» жобасын инвестициялаудан бас тартып, автоконцерндеріне РФ-да зауыт салмауға нұсқау берді.