Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Израиль мен АҚШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шықты

НЬЮ-ЙОРК. 6 ақпан. Израиль мен АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатындарын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осылайша халықаралық ең беделді ұйымның беделі кеңесіне қатысушы елдердің саны екі позицияға қысқарды. АҚШ-тан кейін «Таяу Шығыстағы жалғыз демократияны құбыжыққа айналдыруы» себебінен Израиль де одан шығатынын жариялады.

«Сәрсенбі, 5 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп елді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығару туралы жарлыққа қол қойды», деп баяндады Ақ үй. Сондай-ақ АҚШ басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы паалестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігін (UNRWA) қаржыландыруды тоқтатты. Бұған қоса, Уашингтон ЮНЕСКО-ға мүшелік мәселесін қайта қарастыратын болады.

«Бұдан гөрі кеңрек ауқымда алып қарастырғанда, жарлық Американың БҰҰ-ны қаржыландыруы мен басқа көптеген елдердің қаржыландыру деңгейлері арасында орасан зор айырмашылықтың болуын қайта қарастыруға шақырады», – деді Ақ үй хатшысы Уилл Шарф. Өз кезегінде Трамп БҰҰ-ның «үлкен әлеуеті» туралы айтты, бірақ бұл ұйымның «дұрыс басқарылмайтынын» атап өтті. Ол сондай-ақ БҰҰ құрылымдарын қаржыландыру үдерісінің «пропорционалды емес» екеніне ше назар аударды.

Израиль АҚШ президентінің БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығу туралы шешіміне қосылды. Елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар өзінің одақтастарының әрекетін құптайтынын жазды. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі дәстүрлі түрде адам құқықтарын бұзушыларды қорғап, оларға бақылаудан жасыруға мүмкіндік береді және оның орнына Таяу Шығыстағы жалғыз демократияны – Израильді құбыжық етіп көрсетеді», – деді министр.

Саардың айтуынша, UNHRC Израиль демократиясына шабуыл жасауды жалғастыруда және «адам құқықтары орнына» антисемитизмді насихаттайды. Министр өз еліне қарсы кемсітушілік «айқын» екенін, өйткені Израильге қарсы 100-ден астам айыптау қарарлары жіберілгенін атап өтті. Бұлар Иранға, Кубаға, Солтүстік Кореяға және Венесуэлаға жіберілген айыптаулардың бәрін қосқанннан да асып түседі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button