Украина дрондары өткен түнде Ресейдің 13 өңіріне шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 24 қаңтар. Қаңтардың 24-іне қараған түні Украина ұшқышсыз ұшақтары Ресейге рекордтық деңгейде жорық ұйымдастырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Түнде Ресейдің 13 өңіріне жалпы саны 121 дрон қаршығадай шүйліккен. Соның ішінде Рязаньдағы мұнай өңдеу зауытының зор ауқыммен өртеніп жатқаны түсірілген видео бүгін әлеуметтік желіге тарап кетті.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, беспилотниктер шабуылына Брянск, Рязань, Курск, Саратов, Ростов, Мәскеу, Белгород. Воронеж, Тула, Орёл, Липецк облыстары, Мәскеу қаласы мен оккупацияланып алынған Қырым ұшыраған.
Түнгі сағат бірде алдымен Рязань облысына шабуыл жасалып, Ново-Рязанб жылу-электр станциясы мен Рязань мұнай өңдеу зауытына соққы берілген.
Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин Щелково, Коломна, Раменское, Полдольск, Троицк аспанында дрондар атып түсірілгенін айтты.
Мәскеу уақытымен сағат түнгі үштің кезінде Саратов және Энгельс қалаларына жа шабуыл жасау әрекеттері болған. Shot арнасының баяндауынша, Энгельста төрт рет жарылыс орын алған, соның ішінде жергілікті мұнай базасы ауданынан өрт шыққан.