Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Трамп Ресей соғысты аяқтамаса, жағдайы қиын болатынын айтты

УАШИНГТОН. 22 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Путин соғысты тездетіп тоқтатпаса, Ресейдің жағдайы өте мүшкіл болады деді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті басқыншылық соғысты бастау арқылы миллиондаған адамның өмірлерін жойып жіберіп жатқан Ресей мен оның президентіне қатты сес көрсетті.

«Егер президент Владимир Путин енді Украинаға қарсы соғысқа нүкте қоймаса, елді Ресей тауарларының экспортына толық эмбарго салуға дейін алып баратын күшейтілген санкциялар күтіп тұр», – деп мәлімдеді Дональд Трамп бүгін қызметке кіріскеннен кейін Путинге арнаған ең алғашқы сөзінде.

«Мен орыс халқын жақсы көремін. Менің президент Владимир Путинмен әрдайым өте жақсы қарым-қатынасым болды <…> Біз процесс барысында 60 млн адамынан айырылған Ресейдің бізге Екінші дүниежүзілік соғыста көмек көрсеткенін ұмытпауға тиіспіз. Осының бәрін ескере отырып, мен экономикасы қирап қалғалы тұрған Ресейге және президент Путинге зор көмек көрсеткім келеді. Келісім жасасып, мына мағынасыз соғысты тоқтатыңдар», – деп жазды Трамп.

«Әйтпесе бәрі жаман болады», – деп айбат шекті ол. Трамптың айтуынша, егер Ресей «жылдам» жағдайды қалпына келтіруге бармаса, Уашингтонда Ресейдің АҚШ пен басқа елдерге сататын бұйымдарының «бәріне тарифтер, салықтар мен санкциялар» енгізгеннен «басқа ешқандай таңдау қалмайды».

«Біз оларға жақсы да, жаман нәрсе де істей аламыз. Жақсы нәрсе қашанда жақсы. Келісім жасасыңдар. Бұдан кейін босқа қырылатын құрбандар болмауы тиіс», – деп жазды Трамп.

Ақ үйдің жаңа қожайыны 22 қаңтар күні «барынша жақын арада» Путинмен кездесіп, сөйлеспек болып отырғанын да мәлімдеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button