Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Трамп Капитолийге шабуыл жасағандарға рақымшылық берді

УАШИНГТОН. 21 қаңтар. АҚШ президенті Дональд Трамп Капитолийге басып кірген 1500 адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқиға 2021 жылдың қаңтарында орын алған еді. Енді, міне, кеше президент тағына отырған Дональд Трамп өзінің ең алғашқы жарлықтары қатарында сол тобырға рақымшылық жасады.

«Олар бүгін шығарылады деп үміттенеміз. Шынын айтқанда, бәрі мұны күтіп отыр. 1,5 мыңға жуық адам», – деді мемлекет басшысы.

2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамптың жақтастары 2020 жылғы қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін куәландыруға жол бермеу үшін АҚШ Конгресінің ғимаратына басып кірген болатын. Сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жеткен. Ғимарат ішіндегі тәртіпсіздіктер кезінде полиция наразылық білдірушіні атып өлтірген. Сонымен қатар, медициналық төтенше жағдайлар санатына жатқызылған бірнеше басқа адамдардың өлімі тіркелді. Қақтығыстардан кейін Капитолий полициясының қызметкері қайтыс болды.

Трамп 20 қаңтарда АҚШ әкімшілігігің басшысы қызметіне қайта кірісті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button