Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Байден Ақ үймен қоштасты, Трамп оны өзі шығарып салды (видео)

УАШИНГТОН. 21 қаңтар. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джозеф Байден билікті жаңадан сайланған Дональд Трампқа өткізгеннен кейін демалу үшін Калифорния штатына ұшып кетті. Бұл туралы CNN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ-тың тарихындағы 47-ші президенті болып қызметіне кіріскен Дональд Трамп Американың бұрынғы лидері Джозеф Байден мен оның жұбайы Джиллді өз жұбайы Меланиямен бірге Капитолий аэдромынан шығарып салды. Осы жерде олар тікұшаққа мініп, Калифорния штатында демалып алу үшін ұшып кетті.

«Байден мен АҚШ-тың бұрынғы бірінші ледиі Джилл Байден Капитолийді артта қалдырып, Эндрюстегі біріккен әскер базаға қарай бағыт алды, сол жақтан олар Калифорнияға аттанады. Оларды лауазымына енді кіріскен Трамп пен жаңа бірінші леди Мелания Трамп шығарып салды», – деп хабарлады CNN телеарнасының тілшісі.

Трамптың қоштасар кезінде Байденге екі ауыз сөз айтқаны анықталып жатыр, алайда журналистер олардың диалогтары мазмұнын толық ести алмапты. Дегенмен, екі лидердің бір-бірлерімен өте жылы қоштасқандарын бүкіл әлем арна эфирінен көрді.

CNN телеарнасы бұдан бұрын Байден мен Трамптың бір лимузинге отырып, инаугурация салтанатына қатысу үшін Капитолийге бірге барғандары жайлы баяндаған еді. Материал авторы бұдан төрт жыл бұрын Джо Байден ант қабылдайтын кезде екі саясаткердің оған бұлайша бірге бармағандарын еске түсіріп өтті. Бірақ олар бұл жолы байырғы дәстүрге көшуге шешім қабылдапты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button