ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Трамп инаугурациядан бір күннен соң мигранттарды қуа бастайды

УАШИНГТОН. 19 қаңтар. АҚШ Дональд Трамп ертең инаугурациясын өткізіп болысымен елден заңсыз мұғажырларды шығаруға кіріседі. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың әкімшілігі заңсыз иммигранттарды ауқымды депортациялауды ол қызметіне кіріскен күннің ертеңіне, яғни 21 қаңтарда бастауды жоспарлап отыр», – деп жазады АҚШ-тың Wall Street Journal газеті өз мәнбесіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мұғажырларды депортациялауға бағытталған алғашқы ауқымды рейд Чикагода басталып, апта соңына дейін жалғасады. Осыған ұқсас операциялар одан кейін Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Денвер және Майами өңірлерінде өтеді.

Рейдке 200-ге жуық АҚШ-тың иммиграция және кеден қызметінің қызметкері тартылады. Олардың басты мақсаты бұрын қылмыскер болған заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталады.

Ертең, дүйсенбі, 20 қаңтар күні қызметке кірісетін Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенге дейін «Америка тарихындағы ең үлкен депортация бағдарламасын» іске қосуға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген-ді.

Нью-Йоркте орналасқан Көші-қонды зерттеу орталығының бағалауы бойынша, АҚШ-та заңсыз иммигранттар ең көп шоғырланған Калифорния штаты болып отыр, 2022 жылы мұнда шамамен 2,2 миллион сондай адамның бары анықталды. Екінші орында 1,8 миллион заңсыз иммигрантпен Техас, одан кейін Флорида (936 000), Нью-Йорк (672 000), Нью-Джерси (495 000) және Иллинойс (429 000) штаттары тұр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button