Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Венгрия премьер-министрі Орбан сайлауда жеңілгенін мойындады

БУДАПЕШТ. 13 сәуір. Виктор Орбан Венгриядағы парламент сайлауында жеңілгенін мойындады және «оппозицияда болған кезде елге қызмет етуге» уәде берді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеше кешке мәреге жеткен сайлауда оның «Фидеc» партиясы қарсыласынан көп қалып қойды. Сөйтіп, елді 16 жыл билеген Виктор Орбанның билік басынан кететіні белгілі болды.

Енді Петер Мадьяр бастаған «Тиса» партиясы жаңа парламентте үштен екі дауыс жинай алады.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламент сайлауында жеңілгенін мойындады. «Қандай жағдай болмасын, біз тіпті оппозицияда болған кезде де елге қызмет етеміз», – деді ол 12 сәуір, жексенбі күні кешке Будапешттегі жақтастарына.

«Қиындық анық: енді басқару ауыртпалығы біздің мойнымызға түспейтіндіктен, біз өз қоғамымызды нығайтуымыз керек», – деді Орбан.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беру учаскелерінің 84,91%-ы  есептелгеннен кейін оппозиция жетекшісі Петер Мадьяр мен оның оңшыл орталық партиясы – «Тиса» парламенттегі 199 орынның 138-ін, яғни үштен екісінен астамын ала алады.

Сайлаушылардың келуі рекордтық деңгейге жетті. Сайлау учаскелері жабылғанға дейін жарты сағат бұрын ол 77,8 пайызды құрады.

Бұған дейін 12 сәуірде Мадьяр Орбан оны сайлаудағы жеңісімен телефон арқылы құттықтағанын мәлімдеді. «Премьер-министр Виктор Орбан бізді жеңісімізбен құттықтау үшін жаңа ғана қоңырау шалды», – деп жазды саясаткер Х парақшасында.

62 жастағы Орбан 2010 жылдан бері билікте келе жатыр. Қазіргі сайлауда алғаш рет 45 жастағы Петер Мадьяр жеңіске жете алатын оппозициялық кандидат пайда болды. Ол бұған дейін «Фидес» жастар қанатының мүшесі болған, ал «Тиса» партиясын бұдан екі жыл ғана бұрын құрып алған.

Орбан үкіметіне наразы азаматтар көрсете алатын мәселелердің қатарында қоғамдық инфрақұрылымның, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің нашар жағдайы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бар. Петер Мадьяр, оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен қатаң күресуге, «жүйелі өзгерістер» жүргізуге, сондай-ақ жаңа Конституцияны ұсынуға ниетті. Сонымен қатар, ол Венгрияны Ресейден алыстатуды және Еуропа одағына мүше елді НАТО-ның сенімді одақтасы қайты құруды жақтайды

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button