Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
Цукерберг Facebook пен Instagram-ға сөз бостандығын қайтарады
УАШИНГТОН. 7 қаңтар. «Meta Platforms» компаниясының тең құрылтайшысы Марк» Цукерберг Facebook пен Instagram желілеріне сөз бостандығын қайтаруға шешім қабылдады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Миллиардер мұны өзінің Facebook-аккаунтында жариялаған видеожазбасында атап өткен.
«Біз өзіміздің бұрынғы түбірімізге қайта ораламыз, қателіктерді барынша азайтуға күш саламыз және біздің платформаларымызда ойларымызды еркін жеткізу үрдісін қалпына келтіреміз. Бірінші кезекте Community Notes пайдаланушы сервисіндегі факт-чекингтің ағымдағы процедурасын X-тегідей әрекет етуге көшіреміз. Мұны АҚШ-тан бастаймыз», – деді Марк Цукерберг.
Оның айтуынша, мұндай тұжырымға АҚШ-та өткен соңғы президент сайлауы әсер еткен.