Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салатын заң шықты

ТАШКЕНТ. 8 қаңтар. Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Өзбекстан парламентінің заң шығарушы (төменгі) палатасы өзінің кезекті пленарлық отырысында республикада электронды темекіге тыйым салуды қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы Өзбекстан Республикасының территориясына никотиннің электронды жүйесін, соның ішінде электронды темекілер мен оның сұйық түрлерін кіргізуге тыйым салады», – делінген хабарламада.

Парламент баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ шегілмейтін темекі өнімдерінің, никотинді тұтыну қондырғыларының, соның ішінде электронды шылымның заңсыз айналымына байланысты тәртіп бұзушылыққа жауаптылық енгізілгелі жатыр.

Хабарламада, сарапшылардың пікірлерінше, электронды темекінің никотиннен бөлек, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтіретін 80 түрлі концерегендік және токсикалық химиялық қоспалар мен ауыр металдардан тұратыны айтылған. Атап айтқанда, организмнің никотинге деген тәуелділігі артқан жағдайда ол мида патологиялық құрылымдардың пайда болуына, интеллектінің төмендеп кетуіне және балалар мен жасөспірімдердің қабілеттері жоғала бастауына алып барады.

«Қабылданып отырған құжат тұрғындар арасында, әсіресе жастар ортасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет етеді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жаңа заң жобасы сенат (парламенттің жоғарғы палатасы) үшінші оқылымда бекітіп, республика президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button