Украина армиясы бірінші рет жердегі роботтарды соғысқа қосты
КИЕВ. 21 желтоқсан. Украина Қарулы күштері бірінші рет роботтардың көмегімен жердегі шабуылды өткізді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина армиясы алғаш рет жаяу әскерлер орнына тек қана роботтардың жер бетіндегі жүйесі іске қосылған соғыс операциясын ұйымдастырды. Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, украин әскерлері Харьковтың солтүстік жағындағы Липцы селосына жақын жерде тұрған Ресей әскерлерінің позициясына осылай шабуыл жасаған. Операцияға пулеметтермен жарақтандырылған жер бетіндегі ұшқышсыз ұшақтардан бастап территорияны әуеден бақылайтын және аумақты минадан тазартатын дрондар ғана қатысқан. Нәтижесінде орыстардың позициялары жойып жіберілген.
Украина тарапы бұған дейін соғыста технологиялық инновацияны пайдалану адам күшінің жетіспеушілігі орнын жаба алатынын бірнеше рет баяндаған болатын.
«Ресей өз кезегінде азын-аулақ жерді басып алу үшін орасан зор шығынға ұшырауды жалғастырып келеді», – деп атап өтті ISW.
«Украина дрондар аппараттарын дамыту мен жетілдіру бағытында белсенді жұмыс істеуді жалғастыру үстінде», – деп жазды Соғысты зерттеу институты. Осылайша Украина Қарулы күштерінің бас штабы талшықты-оптикалық кабельдер негізінде жұмыс істейтін беспилотниктердің жаңа түрлерін сынақтан өткізіп жатыр. Мұндай қондырғылар Ресейде кеңінен қолданылатын радиоэлектронды күреске төтеп бере алады. Бұған қоса, FPV-дрон прототиптерін жасаушы украин компаниясы тек өздерінің компоненттерін ғана қолданады.