Украина армиясы өздерінде шығарылған лазерлі ракетаға қол жеткізді
КИЕВ. 16 желтоқсан. Украина Қарулы күштері Украинада қазіргі заманғы қуатты қарулардың бірі – лазерлі ракета жасап шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow news ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украинада жасап шығарылған бұл зымыранның аты «Тризуб» деп аталады. Ол 2 мың шақырымнан астам биіктегі нысананы атып түсіре алады. Украина Қарулы күштері Ұшқышсыз ұшақтар жүйесі күштерінің қолбасшысы, полковник Вадим Сухаревски осының жайын тарқатып айтты.
«Бүгін біз, егер қателеспесем, Украина лазерлі қаруы бар әлемдегі бесінші елге айналып отырғанын айта аламыз. Қазіргі сәтте оның көмегімен 2 мың шақырым биікте ұшып бара жатқан ұшақтарды атып түсіре береміз», – деді ол.
Полковник қазір Ұшқызсыз ұшақтар жүйесі күштерінің аталмыш қарудың ауқымын кеңейту мен қуатын арттыру бағытында жұмыс жасап жатқанын да жеткізді.
Биылғы сәуір айында Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шэппс Лондонның Украинаға алыс қашықтықты DragonFire лазерлі ракетасын беру жөнінде жоспар құрып жатқанын баяндаған еді.
Осының алдында Курск облысында КХДР-дың Ресей армиясы құрамында соғысып жатқан 200 сарбазының дрондар шабуылының көмегімен оққа ұшқандары хабарланған болатын. Ұшқышсыз ұшақтар дегеннің не екенін білмейтін Солтүстік Корея жауынгерлері ұрыс даласында қараптан-қарап қырылып қалған сияқты. Содан бұрын бұлар ортақ тілдері болмағасын, бір-бірлерін түсінбей, 7 қадыровшы шешен солдаттарын жайратып тастаған еді.