«Гроднодағылар орыс екенімді білгесін, белорусша жауап берді»
МӘСКЕУ. 16 желтоқан. Беларусьтің Гродно қаласына саяхат жасап, Ресейге оралған орыс қыз өзіне ондағылардың қырын қарағанын айтып, шағымданып жатыр. Бұл туралы «Хартия 97%» ресурсы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейлік орыс әйел әлеуметтік желіде өзінің РФ-дан келген орыс қызы екенін білгесін, мұндағылардың бәрінің теріс айналып, сұрақ қойса, тек белорус тілінде жауап қайтарғандарын қынжыла жазды.
«Видели, что из России – отвечали сразу на белорусском языке», – деп шағымданады ол.
Гродно оны таң қалдырыпты. Ресейлік әйел экскурсия жасап, Беларуське келген. Гродно қаласына аялдаған. Бұл – баяғы атақты гимнастшы Ольга Корбут туған қала. Сосын өзінің мұнда алған әсерлерін әлеуметтік желіге жазып салыпты.
1939 жылы 1 қыркүйекте Молотов – Риббентроп пактісінен кейін Қызыл армия басып алғанға дейін Польшаның қаласы болып келген Гродно халқының басым бөлімі поляктар сияқты христианның католик тармағын ұстанады. Сондықтан олар барлық католиктер сияқты православие дінін ұстанғандарды онша ұната қоймайды.
Katolik.life ресурсының жазуынша, Гроднода қайтыс болған поляк королі және Литваның ұлы кінәзі Стефан Баторийдің картинасына жергілікті жұрттың қатты табынатыны орыс әйеліне ұнай қоймапты.
«Гроднодан оралдым. Ернімді тістелеген күйі жүрдім, – деп әңгімелейді орыс әйел. – Қала әдемі… бірақ дінсіз. Костелдер толып жатыр… Мен соның орталықтағы бастысына кіріп, уағыз тыңдадым. Дүйсенбі күні собор толып отырды. Демек, тұрғындардың бәрі дінкеш (Польшадағы сияқты). Статистика бойынша, мұндағылардың 70 пайызы өздерін дінге сенуші санайды екен», – деп жазады ол.
Ресейлік әйелге Стефан Баторийге келген «орыс елшілерінің тізерлеп тұрып, бейбітшілік сұрайтындары» туралы айтылған әңгіме ұнамапты. Бұған қоса, маған жауап қатқандардың бәрі «шетелдік туристер көздерімен көріп, куә болулары үшін әйтеуір қалайда орысша жауап қатпай, тек белорусша не ағылшынша сөйлеп тұрды», – деп күйінеді әйел.
«С такими тоже встречалась. По-белорусски отвечали (лишь бы не по-русски). Радушны, приветливы, но отвечают только на мове», – дейді ол өз тілінде.
Гродно – қазір 361 мың тұрғыны бар қала. Батыс Беларусьтегі барлық қалалар секілді мұндағылардың дені католик дінін ұстанады, бағытты Польшаға қарай ұстайды. Мұнда иуда дінінің костелдері де көп. Халықтың 62 пайызын – белорустар, 24 пайызын – поляктар, 10 пайызын орыстар құрайды. Ал 1939 жылы мұнда тұрған 57 мың жалықтың 27 мыңы поляктар болған екен. Екінші көп ұлт белорустар болған. Еврейлердің де үлес салмағы аз болмаған.