АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинаға қолдау көрсетіле беретінін айтты
БРЮССЕЛЬ. 13 қараша. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен НАТО штаб-пәтерінде Украина алдындағы міндеттемелердің бәрі орындалатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог. ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, Уашингтон Ресей армиясы құрамында Украинаға қарсы соғысқа қатысуына байланысты Солтүстік Кореяға шешуші жауап қайтаруға дайындалып жатыр. Сол сияқты АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізіп беруге байланысты барлық міндеттемелерін орындайды.
НАТО, соның ішінде Америка Құрама Штаттары Украинаға бүкіл 2025 жыл бойына Ресей агрессиясына қарсы тұра білуі немесе бейбітшілікке күштілік позициясы тұрғысынан келуі үшін көмектің барлық түрін көрсетеді. Мұны Энтони Блинкен Брюссельде Солтүстік Атлантикалық альянстың төрағасы Марк Рюттемен кездесуінің қорытындысында мәлімдеді.
Блинкеннің пікірінше, президент Джо Байденнің әкімшілігі өз мерзімінің соңына дейін Украинаға қолдау көрсетуді бұрын-соңды болмаған түрде арттырмақшы, сондай-ақ Дональд Трамптың билікке келуіне байланысты одақтастар арасында жікке бөлінушілік орын алып кетпеуі үшін НАТО-ны күшейтуге күш салады.
«Бұл сапардың мақсаты – Украинада 2025 жылы тиімді күресуге керекті ақша, оқ-дәрі және жұмылдырушы күштер бар екеніне көз жеткізу. Сондықтан оның Ресеймен келіссөзді күштілік позициясы тұрғысынан жүргізу үшін күш-жігерді осында шоғырландырғымыз келеді», – деді Блинкен.
Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей тарапында Украинамен соғысқа қатысуы Ким Чен Ын үшін «нақты жауап» беретін күрделі сынақ болғалы тұрғанын атап өтті. Бірақ оның неден құралатынын ашып айтқан жоқ.