Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Талғардағы оқиғаға орай тағы екі лауазымды тұлға қызметтен кетірілді
АСТАНА. 19 қазан. Алматы облысының Талғар қаласында орын алған 16 жасар Шерзат Полаттың өлімі тағы екі қызметкердің орындарынан алынуларына апарып жеткізді. Бұл туралы Aikyn.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Талғарда болған Шерзат Полатты өлімінен соң бірқатар шенеунік қызметтен алынып жатыр.
Осылайша, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов орынтақтарынан айырылып қалды.
«Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С.Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К.Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды», – делінген хабарламада.