Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
«Барыс» ҚХЛ плей-офф ойындарынан бас тартты
АСТАНА. 20 наурыз. Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф ойындарын жалғастырудан бас тартты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Команда осылайша 17 наурыз күні Новосібірдің «Сибирь» клубымен өтетін алғашқы матчтық ойынға шықпай қалды. Мұны клубтың сайтында баспасөз қызметі жариялады.
«Елде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты «Барыс» ХК ҚХЛ плей-офф ойындарын Қазақстан Республикасы аумағында өткізе алмайды. Сол себепті Гагарин кубогының 2019/2020 маусымындағы жарысына қатысудан бас тартуға мәжбүр», – делінеді хабарламада.
Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты Гагарин кубогында жарысты жалғастырудан Финляндияның «Йокериті» бас тартқан болатын.