Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамы жаңарды
АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған жаттықтырушылар құрамын жариялады. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа жаттықтырушылар құрам жұмыс жүргізуде. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.
Команданың жаттықтырушылар құрамы мынадай:
- Қайрат Сәтжан – бас жаттықтырушы
- Асқар Еркебаев – аға жаттықтырушы
- Ілияс Оралбеков – жаттықтырушы
- Нұркен Андасов – жаттықтырушы
- Азамат Мақажанов – жаттықтырушы
- Талғатбек Жакпеков – жаттықтырушы
- Нұржан Насанов – жаттықтырушы
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог Александр Фока көмек көрсетіп жүр. Ол кезінде Олександр Усик, Василь Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд секілді жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген екен.
Айта кетелік, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданады.