Украина Қарулы күштері Курск облысының 1000 шаршы шақырымын басып алды
МӘСКЕУ. 13 тамыз. Украина Қарулы күштері апта ішінде Ресей армиясының үш ай ішінде жаулап алған аумағынан екі есе көп жерді өзіне қаратты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украина армиясының Ресейге табан басқанына бар-жоғы бір апта ғана болды, соған қарамастан, Ресей әскерлерінің мамыр айынан бері қол жеткізген жетістігіне жетіп үлгерді», – делінген хабарламада.
Украина армиясының бас қолбасшысы Олександр Сырский дүйсенбі күні президент Володимир Зеленьскиймен жүргізген видеоконференциясы барысында Украина Қарулы күштерінің қазірге дейін Курск облысының 1000 шақырымға жуық алабын басып алғанын баяндады. Сол уақытта Курск облысында операция жүріп жатқанына біп апта ғана болған еді – украин бөлімдері мұнда бірінші рет 6 тамыз күні түске дейін басып кіре бастаған еді.
Соғысты зерттеу институты (ISW) Украина әскери бөлімдерінің 11 тамызда ауданда 29 елді мекенге егелік етіп тұрғанын баяндады, ал 12 тамызда олардың саны 40-қа жеткенін жазды.