«Свобода России» легионы курскіліктерді Украина жағына шығуға шақырды
КУРСК. 10 тамыз. Украина жағында РФ билігіне қарсы соғысып жатқан «Свобода России» легионының еріктілері Курск облысының бейбіт тұрғындарына тиіспейтіндерін мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина жағында соғысып жатқан орыс еріктілері Украина Қарулы күштерінің Курск облысында бейбіт тұрғындармен соғыспайтындарын жеткізді. «Свобода России» легионы 9 тамыз күні облыс тұрғындарына үндеу жариялап, «Путинге маңдай ұрып тұрып көмек көрсетуді сұрап хат жазбауды» өтінді.
Ресей еріктілері мұнда Кремльдің насихатшы «қарғалары» қаңқылдап айтып отырғандай, «Буча сценариінің» қайталанбайтынын баяндады.
«Облыстың бейбіт тұрғындары жолдың жиегінде жатқан жоқ, олар маңдайларын жерге төсеп тұрып, Путинге жалбарынышты хат жазуда», – деп атап өтті «ЛСР» telegram-арнасы.
Орыс еріктілері өз отандастарының назарларын Путиннің Белгород жерін құтқара алмай отырғанына, мұның орнына РФ бомбалаушы ұшақтарының бірнеше айдан бері мұнда бомба түсіп алумен келе жатқанына аударды.
«Нашар хабар жеткізейік: Путин сіздерге көмектеспейді, біз көмектесеміз», – деген уәде берді «Свобода России» өкілдері.
«ЛСР» Курск облысының тұрғындарын Ресей армиясының қозғалысы барысын белгілеп, сурет пен видеоға түсіріп алып, өздеріне жөнелтіп тұруды сұрады.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде 9 тамыз күні Himars ракеталарының Курск облысында РФ армиясының жүк көліктері колонналарын жойып жібергені түсірілген видео тарады.
Кеше сондай-ақ «Газпромның» Суджа газ реттеуші бекеті орналасқан Суджа қаласы Украина армиясының толық бақылауында тұрғаны баяндалды.
Ескерте кетейік, украин әскерлерінің Курск қаласына 10 шақырым қашық жерге дейін жетіп қалғаны да айтылып жатыр.