Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Париж-2024: Қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай финалға шықты (видео)

ПАРИЖ. 4 тамыз. Біздің 80 келіге дейінгі салмақтағы саңлағымыз Нұрбек Оралбай Олимпиаданың бокс турнирінде финалға жолдама алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Бүгін, 4 тамыз күні Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде әйелдердің 54, 57 және 75 келілерге дейінгі, ерлердің 51, 63,5 және 80 келіге дейінгі салмақтарында жартылай финалдық шайқастар ойналуда.

80 келіге дейінгі салмақта біздің Нұрбек Оралбай мен доминикалық Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырық сілтесті.

Төрешілердің бағамынша, Нұрбек бірінші раундта 3:2 есебімен басым болды. Келесі раундта 3:1 есебімен ұтты. Ал соңғы раундта біздің бағлан айқын басым болғанына қарамастан, қазылар оның жеңісін тек 3:2 деп қана бағалады. Қорытындыда ол 3:2 есебімен ұтып шықты.

Енді Нұрбек Оралбай 7 тамыз, сәрсенбі күні өтетін финалдық жекпе-жекте бүгін кешкі сағыт 20:22-де шайқасатын Олександр Хижняк (Украина) – Арлен Лопес Кардона (Куба) жұбының жеңгенімен алтын медальды сарапқа салады.

Бұған дейін Нұрбек Париж рингінде аустралтиялық Каллум Петерс пен әзербайжан Мурад Аллахвердиевті жеңген болатын.

Айта кетейік, біздің әйелдер құрамасы сапынан жарыс жолын жаоғастырып жатқан жалғыз өкіліміз – 50 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай 6 тамыз күні түнде сағат 01:02-де қытайлық Ву Юмен жартылай финалдық жекпе-жекке шығады. Келесі жұпта күш сынасатын Бусе Наз Чакироглу (Түркия) – Айра Виллегас (Филиппин) арасындағы шайқас содан кейін өтеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button