Қазақстанда утиль алымнан түскен ақшалар қайда жұмсалады?
АСТАНА. 16 шілде. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда утиль алымнан түскен қаржылардың қайда қандай мақсатқа жіберілетінін баяндады. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кеше Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев утиль алымды алып тастауға қатысты петицияны жария мәселесін талқылау барысында одан түскен ақша қандай бағыттарға жіберілетінін атап өтті.
«Бүгінде 160 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустар лизингін жеңілдікпен автокредиттеуді қаржыландыруға, 20 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы бойынша жеңілдікті лизингті қаржыландыруға, 200 миллиард теңге қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, орман шаруашылығы ұйымдары үшін өрт сөндіру машиналарын сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға, Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдарына арнайы техника, сондай-ақ автобустар сатып алуға 90 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы саласындағы көлік құралдарын өндірушілерге қайта өңдеу төлемдерін қайтаруға 215 миллиард теңге қарастырылған», – деді вице-министр қоғамдық талқылау барысында.
Қазақстанда өндірушілердің міндеттемелерін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап утиль алым алына бастады.