Ресей Украина қалаларына жаппай соққы берді, 23 адам қаза тапты
КИЕВ. 8 шілде. Бүгін, дүйсенбі күні Ресей әскерилері Украинаға әртүрлі текті 40 зымыранмен соққы жасап, кемі 23 адамның қаза табуына жеткізді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті Володимир Зеленьскийдің баяндауынша, Киев, Днепр, Кривой Рог, Покровск, Славянск және Краматорск қалаларына бір мезгілде шабуыл жасалған.
Киевте соққы «Охмадет» балалар ауруханасына берілген. Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, кеселхананың жансақтау, операция және онкология бөлімшелеріне едәуір залал келген. Үйінділердің астында балалар болулары кәдік. Мұндағы персонал мен пациенттер басқа жақтарға көшіріліп жатыр.
Тағы бір ракета украин байтағындағы Шевченко ауданының бір тұрғын үйіне түскен. Оның кіреберісі қирап қалған. Снаряд сынықтары сондай-ақ Днепр, Голосеев және Соломон аудандарына да атқыланған. Қазіргі сәтте қалада оншақты адамның қаза тауып, 25 адамның жарақат алғаны айтылуда. Ал жалпы ел бойынша 25 адам орыс басқыншыларының сұрапыл соққылары салдарынан опат болған.