Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қазақстан Футбол федерациясы халықаралық даудың өзегіне айналды

НЬОН. 8 шілде. Қазақстан Футбол федерациясы төңірегінде халықаралық жанжал туды, УЕФА оның үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Бұл туралы Offside.kz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Еуропа Футбол ассоциациясы Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросының хабарлауынша, Қазақстан Футбол федерациясы (ҚФФ) соңғы уақыттары көптеген наразылықтар мен шағымдардың топаны астында қалған. Мәселен, жақында солардың қатарында республиканың екі футбол клубы ҚФФ-ның үстінен УЕФА-ның бақылау-тәртіптік және әдеп инстанциясына шағым түсірген.

Мұның өзі федерация президенті Әділет Барменқұловтың мәнзіліне кезекті мәрте өткір сын садағының бағытталуына себеп болған. Солардың бірі ретінде федерацияның Қарағандының «Шахтёр» футбол клубы жаттықтырушыларын оқытып алу үшін бөлінетін 9 миллионнан астам теңгенің тендеріне ҚФФ-ның қатысуына туған жанжал атап өтіледі. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары да таңданыстарын жасыра алмады. Себебі, Бәрменқұлов қазіргі лауазымына дейін кеншілер командасы директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған еді. Сондықтан осыған қатысты келісімшарттың әділ де адал жасалғанына көп адам оншалықты сеніңкірей қоймады. Демек, бұл ҚФФ-ның қосымша ақы табуды көздейтін кезекті пасық әрекеттерінің бірі болса керек.

Бұдан бөлек, Қазақстан Футбол федерациясына букмекер кеңселері бірінің мүддесін көздейтін тірліктерді ұйымдастырады деген де күдік таңылып отыр. Осыған байланысты республика мәтбұғаты ұйым ішін сыбайлас жемқорлық жайлап алған деген болжамға қазық байлайды. Осының өзі УЕФА-да шағым түсіруге тағы бір себеп болуы ықтимал.

Шыны керек, ҚФФ президентінің қолы таза екеніне қатты күмән келтіретіндер бұрыннан баршылық еді. Бұған негіз де жоқ емес-тін. Айталық, 2022 жылы интернетте «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары және Kazakhmys Smelting бас директоры қызметін атқарған Әділет Барменқұловтың тонау фактісі бойынша қылмыстық іске тартылғаны туралы ақпарат тараған. Бас прокуратура оның бұл қылмыстық тарихын жоққа шығармады, бірақ жеке деректерді қорғау туралы заңға сілтеме жасай отырып, істің егжей-тегжейін аша да қоймады.

Ал қазір Қазақстан Футбол федерациясының ішкі істері халықаралық деңгейге шығып кетті. Енді УЕФА әділет органдарының 9 мүшесі Қазақстан футболында сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғын анықтайтын болады.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button