G7 елдері Ресейден Украинаға $486 млрд өтемақы төлеуді талап етті
ЖЕНЕВА. 16 маусым. G7 елдері Ресейден Украинаға келтірген шығындары үшін $486 млрд төлеуді талап етіп отыр. Бұл туралы The Moscow Nes ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Үлкен жетілік» (G7) Ресейден Украинаға $486 млрд көлемінде өтемақы өндіріп беруге қол жеткізуге ниетті», – делінген саммитке қатысушылар хабарламасында.
«Ресей өзінің заңсыз агрессиялық соғысын аяқтап, Украинаға келтірген шығындарын өтеуі тиіс. Бүкіләлемдік банктің мәліметі бойынша, бұл шығын қазір $486 млрд-тан асады», – деген дәйектеме келтірді итальянның ANSA агенттігі.
Онда G7 елдерінің Ресейді өтемақы төлеуге мәжбүр етудің барлық мүмкіндіктерін қарастыратыны айтылған.
Еуроодақтың ресми өкілі Петер Стано маусым айының басында одақтың бірнеше елі ресейліктердің жеке активтерін Украинаның пайдасына алып қою мүмкіндігін зерттеп жатқанын мәлімдеген еді.
«Біздің позициямыз Ресейдің Украинаға келтірген шығындары үшін төлем төлеуі тиіс екендігінде. Біз мұны мүмкін болған варианттардың бірі ретінде зерттеп көреміз, бірақ жекелеген елдер арқылы, тұтастай Еуроодақ деңгейінде емес», – деді Стано.
Ол қазіргі мәурітте бірлестік территориясында санкциялар шеңберінде 2000-нан аса жеке тұлғалар мен ұйымдардың активтері бұғауланып тұрғанын айтты. «Бұл қаржылардың дені негізінен РФ президенті Владимир Путиннің режимімен байланыстағы Ресей мен Беларусь олигархтарына, олардың компанияларын тиесілі», – деп нақтылай түсті Стано. Ол Еуропа одағы мен «Үлкен жетіліктің» бірқатар елдерінің бұл активтерді Украинаға қолдау көрсетудің бір көзі ретінде қарастырып жатқанын баяндады.
Осының қарсаңында G7 елдерінің лидерлері Ресейдің бұғауда тұрған активтері есебінен Украинаға $50 млрд көлемінде несие беруге келіскен болатын.