Харрис: Путин Украинадан шын мәнінде капитуляция талап етіп отыр
ЖЕНЕВА. 16 маусым. АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Ресейдің бейбітшілікке емес, бүкіләлемдік дүрбелеңге ұмтылып отырғанын атап өтті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ақ үйдің өкілі Путиннің кез келген мәлімдемесіне қарамастан, одақтастардың Украинаны көмектен қағас қалдырмайтынын жеткізді.
Швейцарияда 15 маусымда бейбітшілік саммиті өткен кезінде АҚШ вице-президенті Камала Харрис Владимир Путиннің Украинамен келіссөз турасындағы мәлімдемесі жайлы тек шындықты айтуға шақырды.
«Ол келіссөзді емес, капитуляцияны талап етіп отыр», – деп атап көрсетті саясаткер.
Харрис Кремльдің әрекеті дүние жүзі қауымдастығы үшін өте қауіпті екенін баяндады. Себебі, ол осы арқылы күллі әлемге істеген ісің үшін жауап бермеуге болатынын көрсетеді. Ресей осылайша ғаламды «соғысқа, агрессияға және хаосқа ынталандырады».
Тап осындай тұжырымды Франция президенті Эммануэль Макрон да білдірді. Ол саммитке қатысушыларды осыдан кейін әрбір ел Ресейдің үлгісімен өзінің ен үлгі алып, өзінің XVIII- XIX ғасырлардағы шекарасына сай бөліске салуға кірісіп кететін болса, әлемнің неге айналып кететіні жайлы ойлануға шақырды.
АҚШ пен Францияның позициялары ұқсас болып шықты. Мәселен, Камала Харрис АҚШ-тың Украинаға көмек көрсетуі ешқандай да қайырымдылық шарасы емес екенін, оның әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам екенін еске салып өтті. Ол сонымен бірге Құрама Штаттардың Украинаға гуманитарлық және энергетикалық салаларда көмек беру мақсатында тағы 1,5 млрд доллар қаржы бөліп отырғанын баяндады.