Швейцария саммитіне қатысушылар Украинаның тұтастығын сақтауды талап етті
ЖЕНЕВА. 16 маусым. Швейцарияда өткен бейбітшілік саммитіне қатысушылар Украинаның территориялық тұтастығын қалпына келтіру жөнінде қарар қабылдады. Бұл туралы The Moscow Nes ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президентінің сайтында Швейцарияда өткен Украина жөніндегі бейбітшілік саммитінің қорытынды коммюникесі жарияланды. Құжаттың мәтініне сай, шараға қатысушылар өздерінің кез келген мемлекеттің, – соның ішінде Украинаның да, – халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы шеңберінде тұтастығын сақтау, сондай-ақ жанжалды бейбітшілік жолымен шешу қағидаттарын ұстанатындарын растады.
«Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы адамдарды кең ауқымда азаптаулар мен қиратындылар, сондай-ақ бүкіл әлем үшін орасан зор зардапты тәуекелдер мен дағдарыстар әкелуді жалғастырып жатыр», – делінген коммюникеде.
Бұған қоса, қол қоюшылар БҰҰ-ның мемлекеттер кез-келген елдің тұтастығына қол сұғудан немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан бас тартуға міндетті, ал күш қолдану қаупі арқылы тартып алынған аумақтар заңды деп танылмауға тиіс екені атап көрсетілген декларацияларына ықтияр екендерін білдірді.
Декларацияда бұдан бөлек, саммиттің мұның алдындағы Украина әзірлеген формула мен басқа да бейбітшілік жөніндегі ұсыныстар, соның ішінде БҰҰ жарғысы негізінде жүргізілген талқылаулар қағидаттарына құрылғаны атап көрсетіледі.
Шараға қатысушылар осыған орай бірнеше аспект бойынша өз шешімін шығарды. Оларда Запорожье ГЭС-і Украина мен МАГАТЭ-нің бақылауына көшуі керектігі, азық-түлік қауіпсіздігі соғыс мақсатына пайдаланылмауы тиістілігі, ал украин ауыл шаруашылығы өнімдері мүдделі үшінші елдерге шығарылуы қажеттігі, соғыс тұтқындары «барлығы – барлығына» қағидаты бойынша алмастырылуы, сондай-ақ заңсыз әкетілген барлық азаматтық тұлғалар, соның ішінде балалар түгел Украинаға қайтарылуы тиістілігі қарастырылады.
Алайда декларацияға Володимир Зеленьскийдің Ресей әскерлерін Украина территориясынан шығару жөніндегі бейбітшілік формуласының тармақтары енбей қалған.
Құжатқа қол қойған мемлекеттер мен ұйымдар бейбітшілікке қол жеткізудің барлық тараптардың қатысып, диалог жүргізулері арқылы жүзеге асырылуы қажеттігін талап ететін атап көрсетті.
Украина жөніндегі бейбітшілік саммитінің қорытынды коммюникесіне 80 мемлекет пен 4 ұйым қол қойды. Шараға барлығы 92 ел мен 8 үкіметаралық ұйым қатысты.
Құжатқа қол қоюдан бас тартқан 12 дәулет қатарында Ауқымды Оңтүстік және БРИКС елдері – Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы бар. Бразилия саммитке тек бақылаушы жіберіпті, ол құжатқа қол қоймады, ал Қытай шараға қатысуды мүлде жөн көрмеді.
Декларацияға АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ елдері, соның ішінде Мажарстан, Швейцария, Түркия, Сербия, тағы басқалары қол қойды.