Рютте РФ диктаторы «бейбіт келіссөзінің» түк құн жоқ келемеж екенін айтты
АМСТЕРДАМ. 16 маусым. Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте Кремль ұсынып отырған «бейбіт келіссөздің» жай ғана кәдіуілгі келемеж екенін атап көрсетті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Нидерланд премьер-министрі сонымен бірге Ресей диктаторының ультиматумында оң тарихи мезеттің бар екенін де атап өтті.
Марк Рютте Московияның билеушісі Владимир Путиннің соғыстың аяқталғаны туралы келіссөзді бастау үшін Украинаның өз басқыншы армиясы басып алған төрт облысын Ресейге беруі керектігін талап ететін ультиматумына «ақымақтың сандырағы» деген баға берді. «Мұның өзі ресейлік узурпаторда үрей жоқ екенін білдіреді», – деді ол. Бірақ айтылып отырған төрт облыс ешбір берілмейді.
Премьер-министр Швейцарияда өтіп жатқан бейбітшілік жөніндегі саммит алаңында журналистер сұрақтарына жауап беріп тұрған кезінде осыны айтты.
«Путиннің кеше бейбітшілік жайлы осы ақымақ ұсыныспен шығуының өзі оның қазір үрей үстінде екенін анық көрсетеді. Бұл – жақсы жаңалық», – деді Марк Рютте.
Польша президенті Анджей Дуда өз кезегінде Ресейдің бұрынғы отаршыл империя қалпында қалып қойғанын, бұл елдің ешқашан отарсыздану процесінен өтпегенін атап көрсетті. Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович болса, Забреб агрессор өзінің басып алған территориясын тастап шығуы керек және шабуылға ұшырап отырған ел тізе бүгуге тиіс емес екенін қолдайтынын алға тартты. Ал Сакартвело президенті Саломе Зурабишвили Ресейдің Украинаға басып кіргенге дейін Грузияға қарсы соғыс ашқанын айта келіп, украиндардың бұл жолы бүкіл Еуропаның, тіпті күллі әлемнің қауіпсіздігі жолында күресіп жатқанына тоқталды.
Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина мен Ресей арасындағы «бейбіт келіссөздің» Путин талап еткен шарттар негізінде өтпейтінін мәлімдеді.
Бұдан бұрын Италия премьер-министрі Джордж Мелони Путиннің Украинаның төрт облысы жерінен украин әскерлерін шығару жөніндегі талабын пропагандистік инициатива деп атаса, Германия үкіметінің басшысы Олаф Шольц Кремльдің нұсқауымен болатын бейбітшіліктің ешкімге де керек емес екенін айтты.
Мұның алдында Украина президенті Володимир Зеленьский Путиннің Украинаның төрт облысынан украин әскерлерін шығару жөніндегі талабын Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында әлем алдына қойған талаптарымен салыстырған болатын.