Урсула фон дер Ляйен: Келіссөз Путин қойған шарт бойынша өтпейді
БРЮССЕЛЬ. 16 маусым. Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина мен Ресей арасындағы «бейбіт келіссөздің» Путин талап еткен шарттар негізінде өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы FREEДОМ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Урсула фон дер Ляйен Швейцарияда өткен саммиттің ашылуында маңызды мәлімдеме жасады.
Еурокомиссия басшысы онда Кремльдің бейбітшілік жайлы келіссөзді Ресейдің шарты жағдайында жүргізу жөніндегі ұсынысына тұжырымды жауап қайтарды. Урсула фон дер Ляйен Батыс ұжымы құрамында әрбір азат мемлекеттің өзін өзі анықтау құқығы бар екені кіретін демократиялық құндылықтарға жүгінетін болғандықтан, Украинаның жағында екенін ашық білдірді.
Еурокомиссия президенті Батыс елдері Украинаның өз егемендігі мен территориялық тұтастығын қалпына келтіруге ұмтылысын қолдайтынын еске салып өтті. Өйткені, бұған әрбір тәуелсіз елдің құқығы бар. Сондықтан украиндардың өз елдері бейбіт тұрғындарының тектен-текке қазаға ұшырауларын тоқтату үшін ракеталармен беріліп жатқан террорлық соққыларға жауап қайтарулары әбден заңдылық, табиғи қажеттілік болып табылады.
«Бүгіндері Украина территориясында жаудың оккупациялық әскерлері тұрған кезде жанжалды тоқтатып қою бұл проблеманың шешудің жауабы бола алмайды. Шын мәнінде бұл – агрессиялық соғысты одан әрі жалғастыра берудің ішірткісі», – деді Урсула фон дер Ляйен.
Ол сондай-ақ жанжалды белгілі бір мерзімге дейін тоқтата тұрудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Мұның орнына Украинаға жау уақытша басып алған территорияларын қайтарып, 1991 жылғы шекарасына қайта оралуға көмек көрсеткен анағұрлым маңызды. Тек сол жағдайға ғана аймақта тұрақты бейбітшілік орнайды. Демек, Ресей ұсынып отырған шарттарды шынайы қабылдауға болмайды.