25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Атақты академик ғалым-дәрігер Төрегелді Шарманов дүние салды

25 Мамыр 2024 09:23
- Жаңалықтар, Қоғам
Атақты академик ғалым-дәрігер Төрегелді Шарманов дүние салды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 мамыр. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманұлы Шарманов 94-ке қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Төрегелді Шарманов – Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Ресей медицина ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол – кеңес кезеңіндегі «Октябрь революциясы», «Халықтар достығы», тәуелсіздік тепсеңіндегі бірінші дәрежелі «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Жыл адамы» сыйлығының иегері, Алматы және Жезқазған қалаларының құрметті азаматы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-10 шақырылымдағы депутаты.

Төрегелді Шарманұлы Шарманов  1930 жылы 19 қазанда сол кездегі Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау облысына қарайтын Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітіргесін Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның аспирантурасын үздік бітірген.

1958-1962 жылдары – Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері, 1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, 1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры, 1971-1982 жылдары – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі, 1973-1984 және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА тағам институты қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті), 1985-1988 жылдары – Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1995 жылдың мамыр айынан Қазақстанның профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, 1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы болды.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму тетігін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина – санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Қош бол, қазақ өркениетінің көрнекті тұлғасы!

Таңбалар: академик дәрігерқазаТөрегелді Шарманов

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist