Украина Сібірге дейін ұшып жетіп, шабуылдай алатын дрон жасап шығарды
КИЕВ. 19 сәуір. Украинада әуеде 3 мың шақырымға жуық кеңістікті ұшып өтуге қабілетті ұшқызсыз ұшақты өндірістен шығаруға қол жетті. Бұл туралы The Economist ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Гәп украинның «Луч» конструкторлық бюросы талдап жасаған «Сікол-3000» дроны жайлы болып отыр. Оның бір мезеттегі ұшу қащықтығы 3,3 мың шақырымға барады.
Алманның Bild басылымының мәнбелері бұдан бұрын сондай-ақ украин әскерилеріне қашықтығы 2,5 мың шақырымға дейін жететін ұшқышсыз ұшақтар ұсынылып жатқанын жеткізгенін жазған болатын.
Украина Қарулы күштері енді Орал, Қиыр Солтүстік, сондай-ақ Сібір аумақтарына емін-еркін дрондар аттандыра алатын болып отыр. Мәселен, Киевтен не Харьковтен аттандырылған ұшқышсыз ұшақтар 80-ге жуық әскери база, соның ішінде Украинаны бомбылайтын стратегиялық бомбалаушы ұшақтардың Оленья аэродромы орналасқан Мурманск облысына еркін барады.