Украина армиясы Ставрополь өлкесінде РФ бомбалаушы ұшағын атып түсірді
СТРАВРОПОЛЬ. 19 сәуір. Ресей қорғаныс министрлігі Ставрополь өлкесінде стратегиялық зымырантасығыш-бомбалаушы Ту-22М3 ұшағы апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аталмыш әскери ведомство мәліметінше, ұшақ «жауынгерлік тапсырмасын орындап», қайтып келе жатқан. Экипаждың үш мүшесін іздеу тобы тауып алып, эвакуацияға жіберген. Бірақ төртінші пилот табылмай жатқан көрінеді. Ұшқыштардың бірі алып бара жатқан кезде қайтыс болған, екеуі емханаға жатқызылған.
Ресей Қорғаныс министрлігі апаттың себебін «техникалық ақаулықпен» байланыстырды. Бортта оқ-дәрілер болмаған. Лайнер елсіз жерге құлаған.
Ставрополь өлкесінің губернаторы Владимир Владимиров ұшақтың құлаған жері Красногвардия ауданында территориясы екенін де айтты.
Украина тарапы Ту-22М3 ұшағы құлаған бойда бұған өздерінің қатысы бар екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, бұл Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының операциясының нәтижесі болып шықты.
Украин армиясындағы мәнбесіне жүгінген «РБК Украина» телеграм-арнасы Ту22М3 лайнерінің апатқа ұшырауына бас барлау басқармасының тікелей қатысы бар екенін жазды. Арна сондай-ақ мұндай типті ұшақтардың Украина территориясын бомбылауға пайдаланылып келе жатқанын атап өтті.
«Крымский ветер» телеграм-арнасының мәлімдеуінше, ұшақ Одесса облысын бомбылап қайтып келе жатқанында атып түсірілген.