Қытай Ресейге соққы беруі үшін Украинаға он мыңнан аса дрон сатады
БЕЙЖІҢ. 14 сәуір. Қытай Ресейдің алыс тылдағы нысандарына соққы жасауы үшін Украинаға ондаған мың ұшқышсыз ұшақ әкеп беретін болып отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Иран Ресейге украин қалаларын бомбалау үшін мыңдаған дрон сатты, тағы 6000 дрон Иран лицензиясы бойынша Алабұға арнайы экономикалық аймағында шығарылуы керек. Сол аралықта Украина Ресейдің басқа серіктесі – Қытайдан жаудың алдыңғы позицияларына шабуыл жасау үшін дрондарды әлдеқайда көп мөлшерде сатып алуға келісімге келді.
«Украина ондаған мың дронды алудың жолын тапты, сонымен қатар солар үшін Қытайдан қосалқы бөлшектер алып тұратын болды», деп жазады The Wall Street Journal.
Негізінен дайын өнімді ең алдымен SZ DJI Technology компаниясынан алып тұрмақшы. Бұған қоса, жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан өз өндірісінің ұшқышсыз ұшақтарына қытай бөлшектерін пайдаланатын болып отыр.
Украинаның цифрлық трансформация министрінің қорғаныс жөніндегі кеңесшісі Георгий Цхакаяның айтуынша, соңғы бір жарым жылда елдегі дрон өндіруші зауыттар саны жетіден 300-ге дейін өскен. Жарылғыш заттарды тасымалдай алатын жүздеген мың қарапайым, арзан құрылғылар қолөнер және өнеркәсіп жолдарымен шығарылады.
Украина Қарулы Күштері ай сайын майдан даласында шамамен 10 000 дронды іске қосады.