Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Бишімбаевтың сотындағы прокурордың атынан жалған парақша ашылған

АСТАНА. 5 сәуір. Астана өтіп жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотында біліктілігімен көзге түскен прокурор Айжан Аймағанованың атынан әлдекім жалған парақша ашқан. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бас прокуратура осы жайында ескертті.

Бүгінде жалған парақшаға 15 мыңдай адам жазылып үлгерген.

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Парақшада мынадай жазба орын алған:

«Дорогие казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!».

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button