Бокс. «Ұлы Жібек жолы»: бес қазақ боксшысы турнир финалында шайқасады
БАКЫ. 28 наурыз. Бүгін Әзербайжан байтағы – Бакыде мәреге жететін «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінің финалында қазақстандық бес боксшы күш сынасады. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Финалдық шайқастар Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Онда бізден Теміртас Жүсіпов (48 кг, жоғарыдағы суретте), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) алтын медаль үшін таласады. Олар мұны 3 әзербайжан, 2 өзбек боксшыларымен арада сарапқа салады.
Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов әзербайжан Гасан Маликовпен, Тимур Қабдешов өзбек Хужаназар Нортоджиевпен, Талғат Сырымбетов әзербайжан Азрак Бабировпен, Дархан Дүйсебай өзбек Бекзод Хамидовпен, ал Сағындық Тоғамбай әзери елінің намысын қорғап жүрген кубалық Альфонсо Домингеспен қолғап түйістіреді.
Қалған салмақ дәрежелері бойынша финалдық жекпе-жектер мына елдердің былғары қолғап шеберлері арасында өтеді:
51 кг. Махди Парвизи Хорасани (Иран) – Асилбек Жалилов (Өзбекстан):
57 кг. Хужаназар Фаизов (Өзбекстан) – Шамил Асгаров (Әзербайжан);
63,5 кг. Абдулла Мадаминов (Өзбекстан) – Тайфур Әлиев (Әзербайжан);
67 кг. Мехди Амиризафар (Иран) – Александр Зырянов (Ресей);
75 кг. Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан) – Жавохир Умматалиев (Өзбекстан);
80 кг. Рахматулла Бойматов (Өзбекстан) – Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан);
86 кг. Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) – Хасмагомед Джаватханов (Ресей),
+ 92 кг. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) – Баходир Жалолов (Өзбекстан).