Қазақстан мектептерінде бір мезетте бір миллион домбырашы күй тартты
АСТАНА. 21 наурыз. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір миллион оқушы-күйші қатысқан «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж болып өтті. Бұл туралы baq.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Аталмыш челлендж Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған ауқымды шара. Бір уақытта бір миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Домбыра челленджі – Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бастамасымен өткізілетін республикалық акция. Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 мектептің оқушыларымен бірге шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысты.
Қасиетті қара домбырамыз дәріптелетін ауқымды шарада министр де шабыттанып оқушылармен бірге «Келіншек» күйін шертті.