АҚШ Украинаға «екі аптаға жететін» $300-ның көмегі пакетін ұсынып отыр
УАШИНГТОН. 13 наурыз. Құрама Штаттар Украинаға әскери көмектің тағы екі апта соғысуға жететін жаңа пакетін беретінін мәлімдеді. Бұл туралы РБК ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан осыған байланыста бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында мәлімдеме жасады.
«Мен президент Джо Байденнің атынан Украинаға мейлінше өткір зәрулікті қанағаттандыру үшін керек болатын кейбір нәрселер қаитылған $300 миллион сомасы көлеміндегі шұғыл әскери көмектің берілгелі жатқанын жариялағым келеді», – деді ол.
Бұдан бұрын АҚШ билігінің Украинаға Конгрестің мақұлдауынсыз жіберуге болатын әскери техникалардың бірсыпырасын жіберуге мүмкіндік беретін қаржы көздерін тапқаны хабарланған еді. Енді Ақүй одан бөлек тағы 300 млн доллардың көмегін жөнелткелі отыр. Мұның арасында алыс қашыққа атылатын ATACMS ракетасының ескі версиясы да бар. Олар 160 шақырым қашықтыққа дейін барады, онымен кассеталы бомбыны атуға да болады.