Аргентина рейстерінен ресейліктер жаппай түсіріп алынып жатыр
ЫСТАНБҰЛ. 9 наурыз. Аргентина билігі өз елінде ресейлік мұғаджырлар шамадан тыс көбейіп кеткендіктен, ендігі келетіндерді ішке кіргізбеуге кірісті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Baza ресурсының жазуынша, Ыстанбұл – Буэнос-Айрис рейсінен ешқандай себебі айтылмастан кемінде он ресейлік түсіріліп, алып қалынды. «Бұл – бірінші жағдай емес. Наурыздың басынан бері Ресей азаматтарының Латын Америкасына бағытталған туристік форумдарда ұшуларына тосқауыл қоятын фактілер кездесе бастады, бірақ олар қазіргідей жаппай сипат алған жоқ еді», – деп атап көрсетті таблоид.
Рейстерден түсіріп алғандардың бәрі түріктің Turkish Airlines авиакомпаниясында тіркелді. Ресейлік жолаушылар қосымша тексерілу желеуімен бортқа жіберілмеді. Ресейліктердің айтуларынша, көп жағдайда мұның себебі ретінде жолаушылардың қайтар билеттерінің жоқтығы айтылған.