Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Польша билігі Украинаға НАТО әскерін апарып қою идеясын қолдады

ВАРШАВА. 9 наурыз. Польша басшылығы Франция президентінің НАТО армиясын Украинаға кіргізу жөніндегі ұсынысын дұрыс деп есептейді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Солтүстік альянс әскерлерінің Украинада тұруы әлдеқандай «ақыл-ойға сыйымсыз нәрсе» болып табылмайды. Мен Франция президенті Эммануэль Макронның бастамасын бағалаймын», – деді Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски. Оның айтуынша, «әңгіме Путинді қорқытуда емес, біздің одан қорықпайтынымызды білдіруде».

Бұдан алдын Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш Украинаға поляк солдаттарын жөнелтудің мүмкіндігін жоққа шығарған болатын. Ол мұның орнына Киевке техника бергеннің әлдеқайда пайдалы екенін айтты.

Мұның алдында Франция коммунистік партиясының лидері Фабьен Руссель президент Эммануэль Макрон партия жетекшілерімен кездесуі кезінде егер РФ армиясы Одесса немесе Киев жаққа қарай майдан шебін бұзып өтіп жатса, Украинаға әскер жіберіп қалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

«Француз билігі арнайы әскер мен әскери бөлімшелердің Украина шекарасынан ішкері өтуі мүмкіндігін қарастырады», – деп жазды Le Monde газеті.

Макрон Украинаға әскер жіберу мәселесін бірінші рет ақпан айының соңында көтерген

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button