Ил-76 ұшағының құлауы: Зеленьский Путин манипуляциясы жайлы айтты
КИЕВ. 28 қаңтар. Украина президенті Володимир Зеленьский РФ әскерлерінің Белгород облысында атып түсірген өз ұшақтары манипуляциясының мақсатын атап көрсетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк Ресей президенті Владимир Путиннің Ил-76 әскери-көлік ұшағының Белгород облысында апатқа ұшырауына байланысты неше түрлі алып-қашты әңгімелер таратып, осыны өз мүддесіне пайдаланып қалғысы келіп отырғанын сынға алды. «Қазір Ил-76 лайнерінің қалай құлағаны хақында ешқандай нақты мәлімет жоқ», – деді ол.
Украина президентінің ойынша, ресейліктер мұны Украинаға Батыс елдерінің ПВО жүйесін жеткізіп беру процесін тоқтата тұру үшін қасақана жасап отыр.
Телемарафонның тікелей эфирінде Михайло Подоляк осы тұжырымға тоқталып, қазір Ил-76 лайнерінің қалай құлағаны хақында ешқандай нақты мәлімет жоқ екенін алға тартты. Кеңесші сондай-ақ ұшақтың бортында кімдердің болғаны жайында да нақты дерек жоқ екенін сөз етті. Ресейліктер әлі күнге дейін өздері айтып жүрген украин тұтқындарының тізімін бере алмай отыр. Тек осының алдында Z-пропаганлист қатын Маргарита Симоньян өзінше біреулердің ата-жөндерін жазып таратпақ болды. Бірақ Кремль бұларды растай алмады. Оның үстіне, Мәскеудің Украина тарапының талабын орындап, халықаралық тексеру жүргізілуіне үзілді-кесілді қарсы болып отырғанының өзі көп күдік қашырады. Демек, мұнда бір шикілік бар.
Украина бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов жағдайдың әоі ақырына дейін анық емес екенін айтты. Оның ойынша, РФ мәлімдемелерінде күмәнді, сенімсіз жақтар өте көп. Соның ішінде ресейліктер «Украинаны жаппай қаралау үшін бірінші кезекте қажет болып табылатын адамдар шашылып өліп жатқан алаңды көрсете алмай отыр». Себебі, ондай жер жоқ. Мұның орнына олар бір ұшаққа отырып жатқан тұтқындар жөніндегі видеоны жылтыңдатып көрсетіп қояды. Оның қайда және қашан түсірілгені де, сол лайнердің қайда қарай ұшып шыққаны да белгісіз.
Украина бас барлау басқармасының бастығы Украина мен РФ арасындағы тұтқын алмасушылық жақын күндерде жүргізілетінін атап тұрып айтты.