Алматыда жер сілкінісі тіркелді: тұрғындар сақтық сақтап, аулаға шығып кетті
АЛМАТЫ. 23 қаңтар. Қаңтардың 23-іне қараған түні Алматыда екі рет жер тербелісі орын алғаны байқалды. Бұл туралы KAZINFORM дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Зілзала Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағынан шықты.
Сілкіністің энергетикалық санаты – 15.1, MPV тербелісі – 6.7, тереңдігі – 65 шақырым жер қабатында.
Мұнан кейін арада жарты сағат өткен соң тағы да қуаты әлсіз дүмпу болғаны байқалды.
Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) екені айтылды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді.
Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Таң алдында тағы да сілкініс болатыны да болжанып отыр.