АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Аманжол Оңғарбаев Арал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қаңтар. Кеше Аманжол Оңғарбаев Президенті әкімшілігі және Арал аудандық мәслихатының келісімдері негізінде облыс әкімінің өкімімен Арал ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаев 1968 жылы 7 қарашада Арал ауданының «Ақбасты» ауылында туған.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Арал ауданында өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында ауданның жаңадан тағайындалған әкімі таныстырылды.

Аймақ басшысы алдымен ауданның бұрынғы әкімі Серік Сермағамбетовтің еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді. Оған нәтижелі қызметі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы тапсырылды. Сонымен бірге Серік Сағитжанұлының облыстық табиғи ресурстар басқармасына басшы болып тағайындалғаны айтылды.

Аманжол Оңғарбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Болашақ» университетін «Қаржы және несие», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. ҚР Журналистер Одағының мүшесі және одақтың облыстық филиалының төрағасы.

Еңбек жолын 1986 жылы қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1993-2000 жылдары облыстық тіл басқармасының бірінші категориялы маманы, ұлт саясаты жөніндегі облыстық комитеттің жетекші маманы, облыстық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары лауазымдары жолдарынан  өтті. Ал 2000-2010 жылдары «АСУ» баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Халық» газетінің бас редакторы, директоры қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бері «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарып келді. Қызылорда облыстық мәслихатының V, VII, VIII шақырылымдарының депутаты ретінде өңірдің және осы ауданның өзекті мәселелерін көтеріп, шешілуіне атсалысты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button