26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматы соты Тимур Құлыбаев компаниясының ұлттық парктегі ғимаратын алып қойды

9 Желтоқсан 2023 18:24
- Жаңалықтар, Құқық
Алматы соты Тимур Құлыбаев компаниясының ұлттық парктегі ғимаратын алып қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. Сот экс-президенттің майлы жіліктердің басын бекем ұстаған тойымсыз күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қарасты «Кипрос» компаниясын ұлттық паркте орналасқан зәулім үйінен айырды. Бұл туралы «Адырна» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Негізінде, «Кипрос» ЖШС бизнестің әртүрлі саласындағы активтер мен инвестицияларды басқарумен айналысады.

«Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияға қатысты істі қарады. Сотқа «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі жүгінген», – делінген хабарламада.

Сот материалдарына қарағанда, 2018 жылы 13 қарашада «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Кипрос» ЖШС өзара келісімшарт жасасқған. Соған сәйкес, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туристік кешен салуға» және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскесі компанияға 2062 жылдың 22 қазанына дейін жалға берілген. Ол жерде «Южная» туристік базасы салынған. Келісімшарт бойынша «Кипрос» ЖШС ол жерде туристерді қабылдауы қажет болған.

Ұлттық табиғи паркі сотқа жүгініп, РММ мен ЖШС арасындағы келісімді бұзуды; 1,1 гектар жерді қайтаруды; «Кипрос» ЖШС коттеджі өз қаражатына бұзуын сұрады. Талап-арызда компанияның ерекше қорғалатын аумақ туралы қолданыстағы заңнаманың талаптары, сондай-ақ жер учаскесін жалға алудың шарт талаптары сақталмай отырғанына сүйенген. Ал ол жерді жеке мақсатта пайдаланатын коттедж орналасқан.

Тексеріс барысында көрсетілген аумақтың мүлде туристерге арналмағаны белгілі болды.

Сот шешімімен «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің талап арызы қанағаттандырылды. Осылайша РММ мен «Кипрос» ЖШС арасындағы 2018 жылдың 13 қарашадағы келісімінің күші жойылды. «Кипрос» компаниясы ұлттық парк аумағындағы жерді қайтарып, өз қаражатына коттеджді бұзады. Сондай-ақ қоқысты парк аумағынан шығаруға міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Таңбалар: КипроссотТимур Құлыбаев

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist