Щи Дзиңпиң жеме-жемге келгенде, Ресейді емес, АҚШ-ты таңдайтынын айтты
САН-ФРАНЦИСКО. 16 қараша. Қытай лидері Щи Дзиңпиң АҚШ президенті Джозеф Байденмен кездесуі барысында әлемдік әріптес ретінде Вашингтонға бүйрегі бұратынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қытай басшысы Құрама Штаттармен «қырғи-қабақ соғыс» жағдайында, «қырғын соғыс» жағдайында бола алмайтынын ашып айтты. Мұның орнына ол Ақ үйдің қожайынымен әскери байланыстарды қайта қалпына келтіруге келісім жасасты.
«Қытай АҚШ-пен дос болғанды қалайды, оның ешкіммен де соғысқысы келмейді», – деді Щи Дзиңпиң АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өткен Джо Байденмен кездесуі барысында.
Оның америкалық жетекші компаниялар басшыларымен бірге кешкі ас ішу кезіндегі сөздерінен екі держава текетіресінің әлі де өткір екенін байқатты. Бұқаралық ақпарат құралдары сондай-ақ басшылар арасындағы әңгіменің екі жақтың қарулы қақтығыстарға баруының алдын алу үшін қарым-қатынастағы шиеліністі тарқату керектігі жөнінде де болғанын баяндады.
«Қытай ешқашанда Құрама Штаттарға қарсы тұрмайды және оған әлдеқандай бір шақыру тастаудан бойын аулақ ұстайды», – деп сендірді Щи. Бұлардың арасында тек экономикалық бәсекелестік қана болуы ықтимал.
Кездесуде Уашингтонды айрықша алаңдатып отырған тақырып – Қытайдың Тайваньға басып кіру ықтималдылығы да қамтылды. Қытай тарапы мұндай болмайтынын баяндады. Бірақ Тайваньға берілетін қаруды тоқтатуды ұсынды. Бұдан кейін Украина мен Израильдегі соғыстар жайы талқыланды.
Соңында Байден АҚШ – Қытай келіссөзі «ең бір омыртқалы және жемісті» шаралардың бірі болғанын атап өтті. Бейжің Мәскеумен емес, Уашингтонмен достық қатынаста болуға құштар екенін білдірді.
Дегенмен, мұның қандай нәтиже беретінін әлі уақыт көрсетеді.