ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Бәрінің де шегі бар», – РФ тарапынан қоқан-лоққыға жауап қайтарылды

АСТАНА. 27 сәуір. Қазақстандықтар Ресей пропагандистері тарапынан болған қоқан-лоққыға тиісті жауап қайтарды. Бұл туралы «Сеятель ветра» телеграм-каналына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Қазақстандағылар Ресей құрамындағы біраз аумақты Астананың өз жері санайтынын атап көрсетті», – делінген хабарламада.

«Диалог.ua» ресурсы «Қазақстанда ресейлік насихатшылардың ұдайы жасалатын шабуылдары мен Солтүстік Қазақстанды басып алатындарын айтып, қоқан-лоққы көрсететушілерге қатқыл жауап қайтарылғанын» жазды.

Қазақтар ресейліктерге Қазақстанның солтүстігі ғана емес, сонымен бірге Батыс Сібірдің де, Алтайдың да, Орынбордың да, Астраханның да ежелден қазақтар тұрған тарихи өз жерлері екендерін баяндады. Бұлардың бәрі бұл жерлерге орыстар қадам басқаннан көп уақыт бұрын солай болған еді.

«Бәрінің де шегі бар. Бізбен бұлай жасауға болмайды! Сіздерде тек белорустар мен бізден басқа дос та қалған жоқ. Бізбен осылай қарым-қатынас жасассаңыздар, біз ағылшындарша сіздермен қоштаспастан кетіп қаламыз», – деп мәлімдеді қазақстандық журналист.

Telegram-канал авторы РФ территориясы бөлінісінің болашақ кескін-келбеті барған сайын айқын анықталып келе жатқанын алға тартты. Бір кездері Стешин секілді ресейлік барлық пропагандистер, сондай-ақ Ресей думасы депутаттары осындай бассыз әрекеттерімен Ресейді азамат соғысына дейін алып барады.

«Ресей территорияларын бөліске салуға, шамасы, қазір Z-патриоттар ашық айтып жүргендей, тек қытайлықтар ғана емес, сонымен бірге қазақтардың да араласатын түрі бар», – делінген хабарламада.

Комменттар арасында авторды қолдаушылар өте көп. Олар «ежелгі орыс жерінің» аумағы Московияның айналасынан, «Алтын шеңбердің» аумағынан аспайтынын, орыстардың аяғы Орал тауының шығыс бетіне тек XVI ғасырда ғана жеткенін баяндайды.

«Ресей пропагандистері Петропавлды Қызылжар деп атау жайлы әңгіме қозғалып жатқан Қазақстандағы қазіргі ахуалға наразы» деп жазады «Диалог.ua».

 

Телеграм-каналда мынадай мәтін жарияланған:

«Всему есть предел. Не надо так с нами! У вас друзей уже не осталось – только белорусы и мы. Будете так с нами поступать – мы уйдем по английски, не попрощавшись».

Ответ из Казахстана на постоянные нападки российских политиков и пропагандистов и угрозы захватить Северный Казахстан.

Казахи решили напомнить, что не только север Казахстана, но и Западная Сибирь, и Алтай, и Оренбург, и Астрахань являются их историческими территориями.

Все более явно просматриваются контуры будущего раздела РФ. Когда все эти Стешины-Коцы, и подобная им нацистская накипь все же добьются своего и доведут Россию до краха и гражданской войны, к дележу российских территорий видимо подключатся не только китайцы, о чем уже Z-патриоты говорят в открытую, но и казахи.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button