Шавкат Мирзиёев «Өзбекстан кімнің жағында?» деген сұраққа жауап берді
ТЕРМЕЗ. 14 наурыз. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше Сурхандария облысына сапарында сырттан қойылатын осы сауалға не деп жауап қайтаратынын айтты. Бұл туралы Asia-Plus сайтының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 13 наурыз күні Сурхандария облысына жасаған сапары барысында «кәтта елдердің» Өзбекстанна нақты бір жағына шығуын сұрайтынын әңгімеледі», – делінген хабарламада.
Президент өзіне шетелдік әріптестерінің дәйімі: «Өзбекстан кімнің жағында?» деген сұрақ қойып, нақты бір елді таңдап алуды өтінетінін атап өтті. Гәп, шамасы, Ресей мен Украинаның бірін таңдау хақында болса керек. Мемлекет басшысының бұған жауабы оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялаған видеодан көрініп тұр.
«Қазіргі уақыт өте күрделі. Үлкен елдер осы күндері: «Өзбекстан, сен кімнің жағындасың? Бейтарап бола бергенің жетеді енді, не ана жаққа, не мына жаққа қарай өт» деп жатады. Мұны және қатты-қатты айтады», – деді ол.
Президенттің айтуынша, мұндай сауалға бірден жауап бере салу оңай емес.
«Өздері де айтады, олардың өкілдері де мәселені біржақты шешуге шақырады. Сөйте тұра: «Бізге Орталық Азиядағы Өзбекстан керек» деп қояды. Біздің халқымыздың саны қазір 36 миллионға жетті, енді үш-төрт жылда 40 миллион болады. Сондықтан менен: «Сен кімнің жағындасың?» деп жиі сұрайды. Ал мұндай қиын сұраққа не деп жауап беруге болады?» – деді президент сосын.
Дегенмен, Өзбекстан дәулетбашы сұрақтың жауабын өзінше дайындап та қойған сияқты.
«Бұған жауап біреу ғана – мен шынында бір жағындамын, мен өзімнің ұлтым, халқым, ұлы Өзбекстан үшін өліп кетуге даярмын», – деп мәлімдеді Шавкат Мирзиёев Термездегі мінбеде тұрып.
Ләкін, мемлекет басшысы «үлкен елдердің» Өзбекстаннан қандай елді таңдауды сұрап отырғанын өзі ашып айта қойған жоқ.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.